Әйелді қорсынбаңдар
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Алыс жолдан үй ішін сағынып келе жатып, аулына жақындағанда Сырым жолдастарына:
– Қаттырақ жүріңдер, бүгін ауылға жете қонайық, – дейді.
Сырымпың әйелі ажарсыздау адам екен. Жолдастары соны әзілдеп, Сырымға естіртпеген болып:
– Басқа кісі асықса дұрыс, ал осы Сырым қай әдемі әйеліне асығып келеді екен! – депті.
Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:
Жігіттер, әйелді қорсынбаңдар,
Әйелсіз ерге күй бітпейді.
Қойды «қой» деп қомсынбаңдар,
Қойсыз елге үй бітпейді.
Астымдағы қара атым – тұлпарым,
– Қасымдағы қара әйелім -- сұңқарым, – деп желе жөнелген екен.