Шалдың үш түрі бар
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Сырым Бөкен биге сәлем бере барса, қарт:
Қай баласың? -депті.
– Даттың баласымын, – депті Сырым.
– Қой баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен-ау! – дейді Бөкен.
Отындық ағаштан оқтық мүскін шығады деген қайда? Шалдың үш түрі болады деуші еді: қадірсіз шал, қазымыр шал, қыдырма шал. Өзің соның қайсысысың? – депті Сырым.
Сонда Бөкен қарт селк етіп:
– Балам, қадірсіз десең халқымнан сұра, қазымыр десең, қатынымнан сұра, қыдырма десең көршімнен сұра? – депті.