Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Сырым жолаушылап келе жатып бір үйге қонса, бір келіншек шай құйып отырады. Келіншектің өзі жас, күйеуі қарт адам екен. Сырым жолдасына қарап:
– Япырай, аққудың қасында жапалақ жараспайды екен-ау! – дейді. Сонда келіншек сөзге түсіне қойып:
– Батыр, сіз бір кезде тай жейтін Сырым едіңіз, енді қой жейтін Сырым болдыңыз, әр нәрсе өз уағында емес пе? – депті.
* *
Сырым бір жақтан шөлдеп келе жатып, бір үйден сусын ішіпті.
– Япырай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой! – депті Сырым маңдайының терін сүртіп.
– Жоқ батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім, – депті үй иесі.