Мәнсіздің де мәнісі бар
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Сырым бір жолдасымен жолаушлап келе жатып бір үйге түссе, үйде сүйегі сұлу, тусі сүйкімді жас келіншек отыр екен. Сырым ішінен: «Шіркін-ай, мына келіншектің күйеуі қандай екен» – деп ойлайды. Кешке таман көзге қораш шал келеді. Сұлу келіншектің күйеуі сол болып шығады.
Сонда Сырым шаңыраққа қарап отырып:
– Мәністін де мәнісі бар.
Жаманның мэәніспенен не ісі бар?
Құладын құс аққу іледі,
Оның да не әдісі бар? –
дейді.
Кіріп-шыққанда жас жігітке көзінің қиығын салып жүрген келіншек түсіне қойып:
– Мәністің де мәнісі бар,
Жаманның мәніспенен не ісі бар?
Құладын қу ілсе әдісі бар,
Тағы бір аққу құстан дәмесі бар, –
ден, екі әйеддің бірі болғалы тұрған өзінің жайын сездіріпті.