Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Ата тұрып ұл сөйлесе»

Сырым Датұлы · 1 мин оқу

Сырым 26 жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.

– Балалар, аман ба, – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:

– Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой, – дейді.

Сонда Малайсары жалт қарап:

Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? – дейді.
Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар.
Ата балаға кесір болса, кері кеткені болар, –
дейді Сырым.

– Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, – деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз