Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Қайғысыз хан семіз»

Сырым Датұлы · 1 мин оқу

Сырым жаңа атқа міңген жастау кезінде Нұралы ханды көргелі ханның ордасына барады, «кімсің» деген ханға «Сырыммын» деп жауап береді. Сонда хан:

«Сырым – Сырым» деген атың жер жарады. Өзің кішкентай ғана арық бала екенсің ғой, – дейді.

Сонда Сырым:

– Иә, мен арықпын. Себебі, патша мен сен сияқты хандар қазақты қонысынан айырып, құмға кірді, жақсы судың бойын орыстарға әперді. Қазақтың қонысын қалай қайтарып аламын деп бір түнде тоғыз оянып, тоқсан толғанып арып болдым. Бұрынғының айтқаны бар емес пе:

– «Өлеңді жерде өгіз семіз,

Өлімді жерде молда семіз,
Қаралысында қатын семіз,
Қайғысызында хан семіз» деп.
Сен қайғысыз жансың,
Мен жаралы аңмын,
Мен арық болмай кім арық болады? –
депті Сырым батыр.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз