Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Балаби мен Сырым

Сырым Датұлы · 1 мин оқу

Сырым бір жылы орта жүзге барғанда сол елдің Балаби деген биіне кез келеді. Сырым мен Балаби екеуі көп әңгімелеседі. Балаби Сырымға бірнеше сұраулар қояды, Сырым жауап береді.

– Сіз ағайынды нешеу едіңіз? – дейді Балаби.

– Мен ағайынды екеумін, – дейді Сырым.

Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік.

Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенім рас, бірақ та олардың маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім – біреуі өзім, екіншісі – халқым.

– Сөз анасы не,

Су анасы не,

– Жол анасы не? – дейді Балаби.

– Сөз анасы – құлақ,

Су анасы—бұлақ.

– Жол анасы – тұяқ, – деп жауап береді Сырым.

– Өтірік пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар? – дейді Балаби.

– Өтірік пен шынның арасы төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеңнің арасы неше шақырым деп мені алдамаңыз, – дейді Сырым.

•-- Ақылды қаңдай адамға айту керек?

Ақылды ұққанға айту керек.

– Ат не үшін шабады?......

Ер не үшін шабады?
.-- Ат шабысына қарай шабады,
Ер камысына қарай шабады.

– Бұл дүниеде не тәтті? – дейді Балаби.

Аста түз тәтті,

– Адамда дос тәтті, – дейді Сырым.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз