Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазыбектің жапалақ туралы әзілі

Қазыбек би · 1 мин оқу

Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» – деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:

Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.

Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:

– Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе тұтпай, Әлде де қоңыр қаздан дәмесі бар, – депті.

Сонда Қазыбек әйелге риза болып:

Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! – депті.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз