Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырым батыр мен Байсал би

Сырым Датұлы · 2 мин оқу

Сырым батыр шеркеш Байсал бимен құда болысады. Сырым батыр Байсалдың баласына қыз бермек болып, бес жиырма мал алады, балалар ер жетіп, аларына келісіп, күйеу бала малын әкеліп беріп, есік ашып, ұрын келіп жүреді. Сөйтіп жүріп екі жастың ынтымағы жараспай қалады. Байсалдың баласы:

– Әке, мен Сырымның қызын алмайтын болып келдім, енді Сырымның босағасын аттамаймын, малыңды қайтып ал, – дейді.

– Шырағым балам, Сырым бізге мал қайырмайды, тентек болып, айрылыспалық, – дейді Байсал баласына.

– Жоқ, әке, айтқан антым бар, айтқаным айтқан. Мал солай кетсе де, алмаймын дедім, алмаймын, – дейді баласы. Шара жоқ, Байсал Сырымға адам жібереді.

– Құдаңыз сәлем айтты, өз көңілімде ең нәрсе жоқ, балалардың дәм-тұзы жараспай қалыпты, малымды беріп жіберсін деді құдаңыз, – дейді Сырымға барғаң адам.

– Өй, атаңа нәлет! Мен Байсалдың малын бағып беруге алып па екем? – деп адамдарын Сырым қуып жібереді.

Бірер аптадан кейін Байсал құданың өзі келеді. Сырым баяғыша қонақ етеді.

– Ал, Байсал, сенің жұмысың маған белгілі ғой, ал бұл туралы ханға барып жүгінелік, диуан саған тисе, малыңды қайырамын, – дейді, Байсал «жарайды» деп екеуі жолдастасып жүріп отырады.

Сырым хан аулына жақындап қалғанда:, – Ей, Байсал, екеуіміз балалар жаста құда болып, су мен сүттей араластық. Енді хан аулына барып айтысып жатсақ, ұят болмай ма? Ордада келімді-кетімді кісі де көп болар. Онан да басқа біреуге жүгінейік, – дейді. Бұны Байсал да мақұл көреді. Екеуі жолдан бұрылып, Адай-Атақозы биге жүгініске келеді.

– Сендердің араларыңда арғы-бергі сөз көп болар, оның бәрі маған керек емес, сендер бес ауыздан тақпақ сөзбен, арыздарыңды айта қойыңдар. Байсал, сен талап иесі ең ғой: Сөз алдымен саған беріледі, әуелі сен айт, – дейді Атақрзы. Сонда Байеал:

Сырымға құда болдым даңқыменен,
Араласып сыйласуға халқыменен;
Бес жиырма мал бердім бұрынғы ата-бабаның салтыменен.
Қара нарға қалы кілем жауып бердім,
Арғымақ жылқының асылын тауып бердім.
Күндердің күнінде
Алтын дегенім мыс болды,
Мыс дегенім жез болды,

– Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін, – дейді.,

Байсалдың құда болғаны рас даңқымменен,
Араласып сыйласқаны да рас халқымменен.
Бес жиырма мал алғаным да рас бұрынғы ата-баба салтыменен.
Бұның баласы үш жылдай қалыңдық ойнады,
Құлындай байлап, тайдай жайлады.
Өз мақсаты біткен соң алмаймын дегенді енді ойлады.
Мен онысына көнбедім,
Төре биді іздедім.
Төресін әділ берер деп,
Алдыңызға келгенім, –
дейді Сырым.

– Ал, шырағым Байсал, балаң үш жылдай қалыңдық ойнаған болса, малың қайтқан екен, енді саған мал тимейді. Алсаң жесіріңді аласың, алмасаң үйіңе барасың, – дейді Атақозы.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз