Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Саудасын келіссеңдер, құйрығы қоржында

1 мин оқу

Қожанасыр есегін сату үшін базарға кетіп бара жатыр екен. «Болмашы нәрсеге алушыны қашырып алмайын»,—деп есектің құйрығын кесіп алып, қоржынға бүктеп салыпты да, жүре беріпті. Базарға келген соң алушылар есекті айнала көріп:

—Әттеген-ай, есек оп-оңды, жақсы құсайды-ау, бірақ құйрығы жоқ, шолақ екен!—деп таңданысыпты.

Оған Қожанасыр:

—Ұнаса саудасына келісе беріңіздер, құйрығы қашпас, керек болса анау қоржында тұр,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз