Ақша дауы
1 мин оқу
Біреу ақша даулап, Қожанасырды қазыға шақыртады. Қожа:
—Астымда атым, үстімде шапаным жоқ. Бармаймын,— дейді.
Ақы иесі Қожаға өзінің ат, шапанын бере тұрады. Екеуі қазыға барады.
—Қожа, мына кісінің сенде аласы ақшасы бар ма?—дейді қазы.
—Жоқ, тақсыр, бұл өзі сондай пәлеқор адам. Ақша даулағаны былай тұрсын, ол қазір менің атым мен шапанымды да менікі деп айтады,—дейді Қожа.
Айтқанындай-ақ талапкер:
—Иә, тақсыр, ат пен шапан да менікі,—дейді.
—Әне, көрдіңіз бе, тақсыр?—дейді Қожа.
Қазы дауды Қожаның пайдасына шешеді. Ақша даулаған сабаз ат, шапанынан да айрылады.