Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Осы пейілің үшін көзіңе шөп салған екен ғой

1 мин оқу

Сары даланың ыстық аптабына шыдап, сабылып, шаршап келе жатқан Қожанасыр әбден шөлдейді. Жол-жөнекей көзіне шөп тығып қойған қайнар бұлаққа кез болады. Шөлдеп келген Қожанасыр бұлақтың көзінен әлгі шөпті суырып ала берген еді, бұлақтың көзі ашылып, су шашып аспанға атылып, Қожанасырдың үсті-басын суға малды да қойды. Қожанасыр шөпті бұлақтың көзіне қайта тығып жатып:

—Осы пейілің үшін көзіңе шөп салып қойған екен ғой,— деген екен.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз