Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанысырдың жалғыз тауығы

1 мин оқу

Қожанасырдың жалғыз тауығы болатын. Ол күрік болып, бір топ шөже ашып шығыпты. Арадан көп өтпей тауығын ұры ұрлап алып, сойып жеп қойыпты. Қожанасыр барлық шөжелердің мойнына қара шүберек байлап қоя береді. Мұны көрген көршісі:

—Қожеке, шөжелердің мойнына неге қара шүберек байладыңыз?—деп сұрағанда, оған Қожанасыр:

—Жас шөжені шулатып, анасын ұры алды да, жетім қалды. Сондықтан қарғап-сілеп, шиқылдап қара жамылып, азасын ұстап жүрген ғой,—деп жауап беріпті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз