Қожанасыр мен әйелі
1 мин оқу
Қожанасыр сырқаттанып жатып әйеліне:
—Мен өлсем, не деп жылар едің?!—депті.
—Өзіңе ұнағанын айта ғой, соны айтып жылайын,—депті әйелі.
Сонда Қожанасыр:
—Алыста жүрсем күймеген, жақындасам сүймеген жарымау!—деп жыларсың жаным деген екен.