Домаланған шапан
1 мин оқу
Қожанасырдың әйелі өте долы, ұрысқақ екен. Бір күні қатты ашуланыпты да, баспалдақта тұрған Қожанасырды салып қалады. Қожекең құлап, тасырлатып домалай жөнеліпті. Дүбірді естіген соң көршісі келіпті де:
—Жаңағы тарсылдап домаланған немене?—деп сұрапты.
—Менің шапаным ғой,—депті Қожа ештеңе сездіргісі келмей.
—Шапан да домалай ма екен?
—Е, шырағым-ай, шапанның ішінде мен бармын ғой.