Қожанасырдың жүзім ұрлағаны
1 мин оқу
Қожанасыр бір бағбанның бауына кіріп, жүзімін ұрлап жеп, әбден тойған соң қолындағы ыдыс-аяқ салып жүрген дорбасын да толтырып алады. Енді кетпекші болып тұрғанда, бағбан жетіп келіп ұстай алады. Бағбан Қожа екенін білген соң:
—Ей, Қожеке, бөтен біреудің бау-бақшасына еніп, ұрлық қылуға ұялмадың ба? Ар-намыс қайда? Оған Қожанасыр:
—Дуалыңыздан асып, шарбағыңызға енгенім сізге ұнамаса, екінші рет кірмей-ақ қояйын. Қазір есіктен шығып кете берейін бе?—деп бағбанның өзінен сұрапты да, Қожа дорбасын қолтықтап, дарбазаға қарай жүре беріпті.