Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасыр мен сыпайы

1 мин оқу

Үлкен бір жиында Қожанасыр кербез сыпайымен табақтас болыпты. Сыпайы табақтағы туралған еттен бір-біріндеп алып жесе, Қожанасыр жұп-жұп етіп екеуден алып жей беріпті. Сабыры шыдамаған кербез сыпайы Қожанасырға бадырая қарап:

—Қожеке, тақ болсын, тақ болсын,—депті.

Сонда Қожанасыр:

—Қайтейін, уысыма сыйып, ұртыма жайғасса, үшеуден алмақшы едім, сыйлаған соң екеуден алып жеп отырмын,— депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз