Қожанасыр—жалшы
1 мин оқу
Қожанасырдың кедейлігі асып, күнделікті жалданып, жұмыс істеп күнелтіпті. Күндердің күнінде бір сараң бай Қожаны жалдамақ боп, һақысына күніне жарты теңге ақша, он бес қасық көже беремін,—депті. Қожанасыр оған келісіпті. Күнімен жұмыс істеп кешке таман жарты теңге ақшасын алып, он бес қасық көжесін аузын толтырып төрт-ақ рет ұрттап:
—Қалғанын тағы да құйып әкеліңіз,—деген екен.