Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың баланы қорқытуы

1 мин оқу

Күндерде бір күн Қожанасыр базарға барып, күн ыссы болған соң шөлдеп, бір қауын алып, пышағы болмаған соң жарып жеп отыр екен. Сол кезде Қожанасырдың алдынан бір жас балалы әйел өте береді. Баласы анасының айтқанына көнбей, сотқарлық жасаған көрінеді.

Сонда әйел Қожанасырға:

—Мына баланы қорқытып қойыңызшы,—депті.

Сонда Қожанасыр:

—Шешеңді...—депті.

Әйел:

—Ойбай-ау, ол не дегеніңіз, баланы да солай қорқыта ма екен?! «Құлағыңды пышақпен қырқып аламын» демейсіз бе,— депті.

Қожанасыр:

—Пышағым болса қауынды жарып жеп отырар ма едім, бар аспабымды істетіп тұрмын ғой,—деген екен.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз