Жарқыным, кімді қалай атасаң да мейлің
1 мин оқу
Қожекеңнің жұбайы қайтыс болып, жақын-жуықтары өте сиықсыз бір әйелге әпендіні зорлап қосыпты.
Той тарқап, ел кеткен соң әйел Қожекеңе:
—Әпендім, туыстарыңыздың қайсысын атап, қайсысын атамауым керек? Кімдерге көрініп, кімдерге көрінбегенім жөн?— дейді әдеппен.
Өзі ұнатпаған әйелдің мына сөзі қитығына тиген Қожекең:
—Жарқыным, кімді қалай атасаң да мейлің, қайсына көрінсең де, өзің біл, тек маған көрінбесең болғаны,—депті ызаланып.