Қожанасыр мен дүкенші келіншек
1 мин оқу
Бірде Қожанасыр азық-түлік дүкеніне кіріп, конфеттердің түрін көріп, шетінен «аты не, неше сом?» деп сұрай беріпті. Қайталап сұрай бергеннен жалыққан дүкенші келіншек жақтырмай, естімеген болып:
—Не?—депті.
Сонда Қожанасыр:
—Айналайын, сол «неңнен де» бір килограмм тартшы,— деген екен.