Қожанасыр мен кемпірінің рестораннан тамақ ішуі
1 мин оқу
Қожанасыр, кемпірі—екеуі қарны ашқан соң ресторанға кіріп, тамақ ішеді. Екеуі бір столда тамақтанып отырса «лавровый листке» (иіс жапырақ) көзі түсіп қалады.
Қожанасырдың кемпірі:
—Шал, бұл не?—депті.
Сол кезде официантка келіп қалыпты. Қожанасыр официанткадан жапырақты көрсетіп:
—Бұл не?—деп сұрапты.
Официантка:
—Лавровый лист,—деп жылдам айтып, кетіп қалыпты.
Түкке түсінбеген Қожекең аңырайып отырып қалыпты. Сонда кемпірі тұрып:
—Әй, шал, анау не деп кетті?—депті.
Қожанасыр:
—Дабырламай іш!—деп кетті.