Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Балалардың Қожекеңді алдамақшы болуы

1 мин оқу

Бір күні көп бала жиылып, Қожекеңді алдап, киімдерін алып қашпақ болады. Анадайдан келе жатқан әпендіні көріп, бәрі өтірік жылап қоя береді.

—Иә, сендерге не болды?—дейді Қожекең.

—Мына талдың басында құстың балапаны бар екен, соны ала алмай тұрмыз,—дейді кемсеңдеп біреуі.

—Жарайды, мен қазір алып берейін,—Қожекең етігін, сырт киімдерін шешіп, беліне байлап алады.

—Әпенді, бұныңыз қалай? Киімдеріңіз осында қалсын, ауыр болады ғой,—дейді балалар.

—Оқасы жоқ, біздің үйге баратын жол сол жақтан да шығып қалуы мүмкін. Онда балапанды жоғары тастаймын,—депті Қожекең.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз