Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың кемпірін күтуі

1 мин оқу

Бір күні Қожанасыр мен кемпірі өздерінің жас кездерін еске түсірмек болып, кемпіріне:

—Кемпір, а кемпір! Осы екеуіміз бір жастық шағымызды еске түсірейікші,—депті.

Қожанасырдың кемпірі:

—Жарайды. Баяғы жас кезімізде кездесетін тұт ағаштың түбіне барып, түнде ысқырасың, сонда мен жасырынып барамын,—депті.

Түнде, күн суық, жерде қар бар. Уәделескен тұт түбіне барып Қожанасыр ысқырып, ары күтеді, ысқырып, бері күтеді, кемпірі (қыз) келмейді. Суыққа тоңған Қожанасыр ашуланып келіп, кемпірін ұрыса бастайды:

—Қақбас кемпір, ысқырып тұрдым-тұрдым, күте-күте шаршап, суыққа тоңып кеттім, неге шықпадың?—дейді.

Кемпірі ұялыңқырап:

—Апам жібермей қойды,—деген екен.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз