Қожанасырдың манты жегісі келіп
1 мин оқу
Бір күні Қожанасырдың манты жегісі келіп әйеліне:
—Бүгін бір манты жасашы,—депті.
Әйелі:
—Үйде ет жоқ, неден жасаймын?—дегенде, Қожанасыр:
—Онда мен асханаға барып манты жеуге кеттім,—деп жүріп кетіпті.
Асханаға келіп манты алып жеп отырып, өзінен-өзі біреуді сөгіп, балағаттай бастапты.
Оны есітіп тұрған аспаз:
—Қожеке, кімді сөгіп отырсыз?—депті.
Оған Қожанасыр:
—Манты жаса десем, әйелім «үйде ет жоқ, мантыны неден жасаймын?» деп, манты пісірген жоқ еді. Мантыны пияздан да жасаса болар екен ғой деп әйелімді сөгіп отырмын,—деген екен.