Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Байдың Көрдік деген қызы

1 мин оқу

Бірде Қожанасыр байдың үйіне барыпты. Бай ары отырады, бері отырады, болмаған соң бай бәйбішесіне ет астырады. Байдың Көрдік деген қызы піскен етті дастарқанға енді әкеліп қоя бергенде, шырақ өшіп қалады. Күнімен аш жүрген Қожанасыр қараңғыны пайдаланып, еттен бір-екі асап қалыпты. Бай Көрдік деген қызына айқайлап:

—Көрдік! Көрдік! Шам алып кел!—депті.

Сонда Қожанасыр өзінен сезіктеніп:

—Көрсең көре бер, алғаным екі-ақ асам,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз