Қашанғы талтайып тұрасыз
1 мин оқу
Бірде Қожанасыр Самарқанның шайханасында шай ішіп отырып, қасындағы бір бейтаныс кісіден:
—Кәсібіңіз не?—деп сұрапты.
Ол бейтаныс кісі:
—Бар ғұмырым жол жүріп, керуен тартумен өтіп жатыр. Бір аяғым Түркістанда болса, екінші аяғым Самарқанда,—депті.
Сонда Қожанасыр:
—Қашанғы талтайып тұрасыз?—деген екен.