Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жанжал неден шығады?

1 мин оқу

Бір күні хан мен Қожа әңгімелесіп отырғанда хан:

—Мен осы жұртқа қайран болам: қашан көрсең бірімен-бірі ұрысып, жанжалдасып, төбелесіп жатады. Сіз айтыңызшы: осы жанжал қайдан, неден шығады?—деп сұрады.

—Адам байқамай бірін-бірі «ақымақ» деп айтып қалады. Жанжал осыдан шығады,—деді Қожа.

—Не болса соны айтады екенсіз, содан да жанжал шыға ма?—дейді хан.

—Ақымақсың!—дейді Қожа. Хан ашуланып қаһарына мінеді.

—Сен ақымақ!

—Міне, тақсыр, айтқаным келді,—деді Қожа.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз