Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың домбырада күй тартуы

1 мин оқу

Үлкен бір жиында Қожанасырдың достары қолына домбыра тұтқызып, күй тартып беруді өтініпті. Қожанасыр да қолына домбыраны алып, бет алды сабалай беріпті. Жағымсыз дыңғыр мен тыңқылдың үні жақпаған достарының бірі:

—Қожеке, домбыраны осылай тарта ма екен? Құлағын бұрап, тиегін жөндеп, пернесін басып тартпай ма?—депті.

Сонда Қожанасыр:

—Көріп тұрсыңдар ғой, менің екі қолым бірдей перне сабаудан бос емес, сондықтан бірің құлағын бұрап, екіншің тиегін жөндеп, үшінші біреуің пернесін бассаңдар, өздерің ойлағандай күй тартылмай ма?—деп достарына жауап қайтарыпты.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз