Домбыра мен қобыздың қайсыбірінің даусы жақсы?
1 мин оқу
Қарны ашып отырған Қожанасырдан:
—Домбыра мен қобыздың, сырнай мен кернейдің қайсысының даусы жақсы?—деп сұрапты жолдастары. Оған Қожанасыр:
—Ей, достарым-ай, шықылдаған кәпкір мен қазанның, табақ пен қасықтың даусына не жетсін,—депті.