Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасыр мен кемпірі

1 мин оқу

Бірде Қожанасыр кемпірі екеуі базарға барып, малын сатып келе жатқанда, ақшасын кемпіріне беріп қойыпты. Жолда екеуі келе жатса, кенеттен алдынан ұрылар шыға келіпті. Қожекеңнің жан-жағын тіміскілеп, ештеңе таба алмайды. Ұрылар бір кішкене шеңбер сызып, Қожанасырды тұрғызып:

—Егер осы шеңберден шықсаң, ұрып өлтіреміз,—депті де, кемпірді тонауға кірісіпті.

Кемпірдегі бар ақшаны алып, ұрылар жөніне кетіпті.

Кемпірі байғұс бөжілдеп, Қожекеңе ұрсып:

—Ой, қақбас шал, неңе мәз болып тұрдың мені тонап жатқанда? Бір жерде қақидың да қалдың ғой,—депті.

Сонда Қожекең тұрып:

—Тсс, мен оларды қатырдым,—депті.

—Әй, байғұс-ау, қалай қатырдың?—депті кемпірі.

Сонда Қожанасыр:

—Олар сені тонап жатқанда, мен аяғымды шеңберден шығарып тұра бердім,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз