Бетпе-бет келген өзінен көрсін
1 мин оқу
Қожанасыр көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады.
Қожекең қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады. Иттің иесі жанжалдасып, Қожаны қазыға алып барады.
—Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді?—дейді қазы.
—Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған балтаның жүзін жұмсадым. Егер ит мені аяғымен тепкенде, мен де оны балтаның сабымен ұрар едім. Бетпе-бет келген өзінен көрсін, қазыеке!—депті Қожа.