Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тоғыз теңге болса да, берші

1 мин оқу

Қожекең бір күні түс көріп, түсінде тәжі қоразы бар екен. Алдына бір кісі келіп:

—Қожа, қоразыңызды сатасыз ба?—деп сұрайды.

—Ақшаны көп берсең, сатамын,—дейді.

—Кәне, қаншаға бересіз?—дейді.

—Он екі теңге бер.

—Жеті теңге берейін.

—Жоқ.

—Болмаса сегіз теңге берейін.

Осылай таласып, нарық тоғыз теңгеге шыққанда, Қожанасыр оянып кетіпті. Оянса қоразы да, алушы да, ақша да жоқ. Қожекең дереу көзін жұмып: «Тоғыз теңге болса да, берші»— деп қолын созыпты.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз