Мен сараң адам емеспін
1 мин оқу
Қожекең бір күні аспазшыдан тамаққа тойып, ақшасын төлемей, кесесін қасығымен қойнына тығып ала кетіпті. Ертеңіне жанынан өтіп бара жатқанда аспазшы ұстап алып:
—Қожеке, кеше тамақтанып, ақшасын төлемей кетіпсіз,— дейді.
Қожекең сонда жауап беріп:
—Рас, тамақтандым, қарасам ақшам жоқ екен. «Осы бейшараның ақысы мойнымда қалмасын» деп кесе мен қасығыңызды базарға ала кетіп едім. Сатып ақшаңды алып келдім, міне, ақшаң,—депті. Ақшаны қалтасынан шығарып беріп жатып:
—Мен сараң, дүниеқор адам емеспін, аспазшы, біліп қой!— депті Қожекең.