Қожанасырдың есек суаруы
1 мин оқу
Күндердің бір күні Қожанасырға әкесі есекті суғарып келуді тапсырады.
Оған Қожанасыр:
—Жоқ, бара алмаймын,—депті.
—Е, неге?
—Ернім жарылып кетіпті,—деп жауап беріпті Қожанасыр.
Әкесі ашуланып:
—Есекті суғаруға еріннің қандай қажеттігі бар?—деп жекіпті.
Сонда Қожанасыр:
—Есек су ішіп тұрған кезде мен «ішт-ішт» деп ысқырып тұруым керек емес пе,—депті.