Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың жеңгесіне өкпесі

1 мин оқу

Қожанасыр үйленіп неке қидыратын күні ауыл адамдарын шақырып, алдына ас қояды. Қожа кісілер риза болсын деп, өзі аштығын білдірмейді, «қалған асты жермін» деп отыра береді. Бірақ ас аз болғандықтан, келген меймандар палауды қалдырмай жеп қояды. Оны көрген Қожанасыр шыдай алмай далаға шығып кетеді. Әлден уақытта жеңгелері шымылдыққа алып келсе, күйеу жоқ. Қожаны іздеп тауып алып: «Қалыңдығыңның қасына бармайсың ба?»—дейді жеңгелері.

—Қыздың қасына палау жеп, құлқыны тойғандар барсын,— дейді Қожанасыр.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз