Қожанасыр мен мақтаншақ (І әңгіме)
1 мин оқу
Бір мақтаншақ:
—Дүниеде мені ешкім де алдай алмайды,—депті.
Қожанасыр мұны есітіпті де, мақтаншақты кездестіріп:
—Мен сені еш уақытта есіңнен шықпайтындай етіп алдаймын,—депті.
—Туһ! Бұл әлі ойыңыз шығар, мені алдайтын адам әлі туылған жоқ. Сенбесең, келе ғой, бәсекелесеміз.
Қожанасыр:
—Неден?
Мақтаншақ:
—Сіздің шартыңыз не?
Қожанасыр:
—Мен сізді дарияның жағасына апарып, су ішкізбей алып қайтамын.
Мақтаншақ қарқылдап күліп, Қожаның қолын алып, дарияға түсіпті.
Күн өте ыстық, қапырық. Олар шаршап-шалдығып дарияның жиегіне жеткен соң Қожа айтты:
—Куә жоқ?!
—Қандай куә?!
Егерде мен сені дарияға барған соң су ішкен жоқ деп танып кетсем, қандай дәлел айтасың?
—Иә, дұрыс, куә керек екен?—деді мақтаншақ.
—Жүр, қайтып барып бір кісіні куә ретінде ертіп келеміз,— деп қалаға қайтып келген соң Қожанасыр:
—Алдадым.
—Қалай?—деп мақтаншақ таңқалды.
—Дарияның жағасына бардың ба?
—Бардым.
—Су іштің бе?
—Жоқ.
—Демек, алдандың!—деді Қожанасыр.