Ажардың күші аспен ғой!
1 мин оқу
Қожекең әйелімен сөйлесіп отырып:
—Қатын, қарным ашты, наның бар ма?—депті.
Қатыны:
—Менің сұлу дидарыма қарап тойып отырсыз ғой, соның өзі жетер,—депті.
Қожанасыр:
—Сенің бұл сөзің дұрыс, бірақ нан болғанда сенің сұлу дидарыңа батырып жер едім,—депті.