Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасыр мен баласы

1 мин оқу

Қожанасырдың баласы құдық басында отырып, нан жепті де, құдыққа нанын түсіріп алып, айқайлап жылай беріпті. Үйден жүгіріп шыққан Қожанасыр:

—О, не болды, не болды?—деп сұрапты баласынан.

Баласы солқылдап жылап:

—Наным құдыққа түсіп кетті,—дейді.

Қожанасыр құдықтың түбіне үңіліп, суға түскен өзінің суретін көреді де, ашуланып:

—Жас баланың нанын тартып алып жегенше, өле қалсаң болмай ма?—деп жерді бір теуіп қалып, жүре беріпті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз