Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасыр мен мақтаншақ (ІІ әңгіме)

1 мин оқу

Сол мақтаншақ «аузы күйген үріп ішедіні» ұмытып, «есіктен кірерден шығарыңды ойланы» мүлде есіне алмай Қожанасырдың қорғанына қайта келіп:

—Кел, Қожеке, шарт ойнаймыз. Сіз мені ешқашан алдай алмайсыз,—депті.

—Неден бәсекелесеміз,—деп сұрапты Қожекең.

—Кімде-кім ұтылса, көпшілік дос-жолдастарды жиып, ет асып берсе болды. Олай болса сен осы арада тұра тұр. Мен үйге барып, ет бар ма, жоқ па, біліп келейін,—деп мақтаншақты үйіне кіргізбей далада қалдырып, үйіне барып, үйдің екінші есігінен шығып Қожекең базарға тартып отырады. Мақтаншақ қорғанның сыртында тұрып-тұрып Қожанасырдың үйіне кірсе, үйде жоқ. Ертеңіне базарда Қожанасыр мақтаншаққа кездесіп:

—Қалай кеше үйге барып ет астыртып жедіңіз бе?—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз