Ағамның көңілін аулап
1 мин оқу
Қожанасыр бір күні сабаққа келмей қалады. Ертеңіне оқытушысы Қожекеңді сұраққа алады.
—Кеше мектепке неге келмедің?
—Іс болып қалды.
—Қандай іс?
—Ағам тісін суыртқалы дәрігерге барған еді, қасында болдым.
—Тіс суыртқан ағаң екен, сен неге бардың?
—Тісін суырып ауыртып жатқанда, есік алдында бақырып, ағамның көңілін аулап тұрдым,—депті Қожа.