Есек үйде емес
1 мин оқу
Қожадан бір кісі есегін сұрап келеді. Қожекең «есегім үйде емес» деп жауап береді. Сол уақытта есек қорадан ақырып жібереді. Есек сұрап келген кісі Қожаның алдағанына ренжіп:
—Қожеке, аппақ сақалыңызбен өтірік айту сізге лайық емес қой,—дейді.
Сонда Қожа есегінің мезгілсіз ақырғанына ашуланып, әрі әлгі адамға былай дейді:
—Е, ақымақ, аппақ сақалыммен айтып тұрған менің сөзіме сенбей, ақылсыз есектің сөзіне еліккенің не? Бар, есек үйде емес, үйде болғанмен күйде емес,—деп шығарып жіберіпті.