Менің атым Ыбырай
Үкілі Ыбырай · 1860–1930 · 14 жол
Менің атым Ыбырай,
Қалмасын сөзім жарамай.
Қартайған осынау шағымда,
Қыздар қойды қарамай.
Арманым жоқ заманға,
Талай əнді салам-ай.
Қайран дүние, өттің бе,
Жетпіске мен де жеттім бе?
Гармонь менен домбыра,
Мені тастап кеттің бе?...
Менің атым Ыбырай,
Қалмасын сөзім жарамай.
Қартайған осынау шағымда,
Қыздар қойды қарамай...