«Хан Кене кетті арадан...»
Шортанбай Қанайұлы · 1818–1881 · 13 жол
Хан Кене кетті арадан,
Орысқа қазақ қараған
Шұбыртпалы Ағыбай,
Тобықтыдан Құнанбай,
Байсейіт пен Жанғұтты,
Дүйсенбай мен Қоңыр жүр
Тілеп жәрдем Алладан.
Басқа амалы қалмаған,
Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды,
Пәлесі жоқ салмаған
Қайысады қабырғаң,
Көтере алмай салмағын.