Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожа, молда

Шортанбай Қанайұлы · 1818–1881 · 41 жол

Бұл асылық асқан заманда,
Қожа, молда көбейіп,
Отырар көрде шөмейіп.
Сәлдесін үлкен орасып,
Жауған қардай борасып.
Жамандары ішінде,
Жан-жағына қарасып.
Үлкен молда десін деп,
Мәселеге таласып.
Қыстың айы өткен соң,
Жаздың айы жеткен соң,
Жауырларын желдіктеп,
Туғансырап келдік деп,
Зекет, нияз сұрасып,
Бірінің айтқан сөзіне
Бірі тұрар ұнасып.
Ең мүсәпір қорықсын деп,
Мұңайған болар жыласып.
Өздері жылай-жылай жүргенсіп
Намазды бүтін білгенсіп,
Ұрлық қылсаң неттің деп,
Су түбіне кеттің деп,
Ойнас қылсаң жаздың деп,
Шайтан келсе аздың деп.
Тәжі алғансып қолына,
Тұмар тағып мойнына.
Бойын жуып пәктемей,
Нәпсісін тыйып тек демей
Намаз оқыр дәретсіз.
Ендігінің молдасы
Залымның боп жолдасы,
Мені молда десін деп,
Құдайды алдар әдепсіз.

(«Тар заманнан»)

Япырмау, елге болыс, би
Дұрыс басшы болар ма?
Ұрлық етіп қақтаған,
Арықты ас қып сақтаған,
Адалды сірә бақпаған,
Қылған ісі ұрлық-ты,
Кедейге қылар зорлықты...

Шортанбай Қанайұлы өлеңдері

Барлық 28 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері