«Қорқақ емей немене қашқан кісі...»
Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 8 жол
Қорқақ емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі,
Мың жылқылы байлардан несі кейін
Оразасын үйінен ашқан кісі.
Қонбай тастап кетер ме талды кісі,
Ашуланшақ болады жарлы кісі,
Ашуланса қолынан түк келмейді,
Орамына келтірер малды кісі.