Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кедейлік туралы

Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 44 жол

Кедейдің үш түрі бар ойлағанға,
Байлық жоқ қанағатсыз тоймағанға.
Бас белгі деген бір түрлі кедей бар,
Мойынын кедейлікке бұрмағанға.

Кедейдің бір түрі бар – елгезегі,
Жұмсасаң, тіліңді алып қолға қонар.
Қызметімен əркімге жақын болып,
Сол кедейдің түбі ақырда оңар.

Кенже ұлы кедейліктің ұйқы мырза,
Ерте жатып, кеш тұрса жаны ырза,
Бір азырақ бас қосып кеңесейік,
Сəлем айт, еріншекке, келсін мұнда.

Алғаның жақсы болса қара жердей,
Жақсыменен сырлассаң шыққан өрдей.
Өтпес пышақ, шабан ат, жаман қатын,
Аң алмаған күйшіл құс – бəрі бірдей.

Алғаның жақсы болса қорғандай-ды,
Жаман болса қайтесің, сормаңдайды,
Атың жүйрік, алғаның жақсы болса
Астыңда жылжып жүрген жорғаңдай-ды.

Көшкенде жақсы қатын атқа желер,
Жаман қатын байының сөзін бөлер.
Жаман қатын белгісін тағы айтайын,
Ауыл үйін тіккенде көші келер.

Тындасаң жақсы кеңес құлақ құрышы,
Тəтті ұйқы, қалың төсек жанның тынышы.
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент – адамның дəулет құсы.

Жақсы əйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз байынан басқаны ұнатпайды,
Үйіне мейман түссе, хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.

Жаман əйел байымен ұрысады,
Мейман келсе қабағы тырысады.
Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.

Жақсы əйел дəулетіңе жөн келтірер,
Əйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.

Жақсы əйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт əйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.

Шал ақын Құлекеұлы өлеңдері

Барлық 33 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері