Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Бақ-дәулет, жеті мүният болса жолдас...»

Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 10 жол

Бақ-дəулет, жеті мүният болса жолдас,
Төрт бақыт бір адамға сірə қонбас,
Босағасын алтыннан соқсан-дағы
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас.

Лə илаһа илла алла — иманыңыз,
Иманыңнан бұйырсын жиғаныңыз.
Алғаныңнан ұл перзент туа қалса,
Қиямет, машхарға дейін барғаныңыз,

Алғаныңнан ұл перзент болмай қалса
«Күн фаякун тұржағун» болғаныңыз.

Шал ақын Құлекеұлы өлеңдері

Барлық 33 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері