«Шәйы сиса, асыл қылыш – ердің көркі...»
Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 8 жол
Шəйы сиса, асыл қылыш – ердің көркі,
Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі,
Жарасар əрбір нəрсе өз сəнімен,
Акқу құс – айдын шалқар көлдің көркі.
Гүл шешек орман өсіп желкілдеген,
Биік тау, асқар төбе жердің көркі,
Ағайын бір уақыт жақсы болса,
Сонымен табылады елдің көркі...