Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әйел туралы

Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 18 жол

Қарауыл қана дейтін бір қатын болады:
таңертең тұрады,
түндікті оңынан ашады.
Кетіп бара жатқанға көз салып,

өтіп бара жатқанды адал алады.
Екінші əйел – қыналы бармақ дейтін:
аз нəрсені көптей қылады,
көп нəрсені көлдей қылды,

киіміне кір жұқпайды,
асына қылшық тұрмайды,
дүниесінің бəрі таза болады.
Ерінің бары, жоғын білгізбейді.

Ер егіз, еңбекті жалғыз деген,
Осы талайлы ердің қолына түседі.
Үшінші əйел – ашып атар, жатып ішер...
Саптама етік көрпілдек,

сиыр жапасы сырпылдақ,
сормаңдай ерге жолығады.

Шал ақын Құлекеұлы өлеңдері

Барлық 34 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері